ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ФОРУМ ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Осыған орай бүгін Сарыағаш ауданында «Жұмысшы мамандықтар жылы: жаңа мүмкіндіктерге жол ашу» атты форум өтті.
✔️Іс-шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұстапа Сүлейменов, мектеп оқушылары, колледж студенттері, еңбек ардагерлері, пробация тізіміндегі азаматтар және аудан тұрғындары қатысты.
✔️Жұмысшы мамандықтардың мәртебесі биіктеген іс-шарада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, аудандағы арнайы орта оқу орындары шәкірттерінің көрмесі көпшілікке ұсынылды. Жәрмеңкеде «Еңбек» бағыты арқылы өз жеке кәсібін ашқан грант алушылар өнімдерін әкелсе, тиісті мекеме өкілдері жұмыс іздеп келушілерге еңбек, жұмыспен қамту заңнамалары бойынша ақпарат берді.
✔️Форум аудандық мәдениет үйінде жалғасты. Жиында аудан әкімі Арман Абдуллаев сөз алып, тұрғындарға, жастарға бос жұмыс орындары ұсынылып жатқанын жеткізді. Сонымен бірге колледждерде жұмысшы және техникалық мамандық иелері даярланып, оларды жұмыспен қамту шаралары күшейтілгенін айтты. Форумда Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің директоры Бағлан Шығанов, №12 колледжінің директоры Рысбаев Ерлан баяндама жасады. Кәсіпкер Бектас Елемесов, 39 жаста мал дәрігері иесі атанған, Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің мұғалімі Ербол Жассақов тақырып аясында сөз қозғады.
✔️Форумның соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты. Өнерпаздар ән шырқап, шараға қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
✔️Сарыағаш ауданында 6 колледжде 5076 студент білім алуда. Оның ішінде, Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық және №12 колледждері арнайы және техникалық мамандық иелерін даярлайды.
✔️Айта кетейік, бұл форум жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі