ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 89 ПАЙЫЗЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛҒАН

🔷 Бүгінгі таңда Шардара ауданы бойынша 10 елді мекен мен Шардара қаласындағы 10 шағынаудан табиғи газбен қамтамасыз етілген. Нақтырақ айтсақ, аудандағы Ұзын ата, Алатау батыр, Қызылқұм, Сүткент, Ақалтын, Егізқұм, Достық, Көксу, Қоссейіт, Шардара ауылы мен Шардара қаласындағы «№14 Бекет», «Мұнай базасы», «Өтеғұл», «№3 және №4», «Наурыз», «Нұр Отан», «Мелдеби», «Қанай Датқа», «Әсем-ай», «Абай», «Қызылжар» шағынаудандарының тұрғындары «көгілдір отынға» толық қол жеткізген.
⤵️ 2023 жылы табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 3 нысанға құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, «Майқала», «Ақбала» және «Төменгі тоғай» шағынаудандарына табиғи газ пайдалануға тапсырылды. Ал Жаушықұм елді мекенінде газ нысанының құрылыс жұмыстарына өткен жылы республикалық бюджет есебінен қаржы қаралып, құрылыс-монтаж жұмыстары басталған. Аталған нысанның құрылысын «Gas Energy Construction» ЖШС жүргізуде. Нысан құрылысы биыл тапсырылады деп жоспарлануда.
🖇️ Биыл Қ.Тұрысбеков ауылына қарасты Ақберді елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жоба әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Облыстық бюджет есебінен қаржы қарау үшін бюджеттік өтінім берілді. Сондай-ақ Қоссейіт елді мекеніндегі жобаға енбей қалған тұрғын үйлерге газ құбырын тарту бойынша жоба әзірленіп, сараптама қорытындысын алуға жолданды. Аталған жобаның құрылысына қаржы қарау үшін биылғы жылға бюджеттік өтінім жолданатын болады.
📌 Айта кетейік, Шардара ауадынының халық саны – 75 704 адам. Аудан тұрғындарының 89%-ы табиғи газбен қамтамасыз етілген.