ТҮРКІСТАН: ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА ТҮЙТКІЛДЕР ТАРҚАТЫЛДЫ
Комиссияның белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес, жиынның күн тәртібінде оңалту жұмысымен айналысатын теолог — мамандардың жұмыстарының тиімділігі, діни атрибутикаға қатысты туындаған мәселелер, жастар ортасында интернет кеңістігі арқылы теріс діни ағымына кіруіне қатысты мәселелер және оларды шешу жолдары пысықталды. 2024 жылдың 9 ай қорытындысымен ТҚК қызметі саласындағы орындаушылық тәртіп туралы мәселелер талқыланып, баяндамалар мен сын-пікірлер тыңдалды сондай-ақ, сала басшылары мен аудан, қала әкімдеріне тапсырмалар берілді.
Мәжіліс соңында ақпарат кеңістікті жақсарту, ата-аналардың жауапкершілігін күшейту, ұлттық құндылықтарымызды бағдар ету мәселелері сөз етілді.
Айта кетейік, биыл облыс әкімінің төрағалығымен Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының 3 отырысы және облыстық ТҚК аппараты жанындағы жұмыс тобының 21 мәжілісі өткізілген. Маңызды мәселелер қаралып, тиісті ұсыныстар берілген.
Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы жағдайлардың күрделігіне байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы №589 «Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Жарлығы қабылданған. Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясы консультативтік-кеңесші орган міндетін атқарып келеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі