ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ТАҒЫ БІР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында Жетісай ауданында құрылысы жүргізілген 6 медициналық-санитариялық алғашқы көмек беру нысандарының тағы біреуі ел игілігіне тапсырылды.
Мақталы ауылдық округінің орталығында бой көтерген дәрігерлік амбулаторияда 5 дәрігер мен 60-қа жуық орта медицина қызметкерлері 8 мың тұрғынға қызмет көрсететін болады.




Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі