ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласы, Отырар мөлтек ауданында азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде ет, сүт, ауыл шаруашылығы өнімдері тиімді әрі арзан бағада ұсынылып, халық күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар 19-дан астам тауар түрі нарықтағы бағадан 40-50 пайызға төмен бағада саудаланды.
Мәселен, нан бөлкесінің бағасы — 70 теңге болса, жұмыртқа данасы — 40 теңге, тұз — 45 теңге, ал пияз — 77 теңгеден сатылды. Картоп пен сәбіз — 100 теңге, І сұрыпты бидай құны – 190 теңге, күнбағыс майы — 520 теңгеден бағаланды. Тұрғындар қолжетімді өнімдер үшін ризашылығын білдірді.
Баға тұрақтылығын сақтау бағытындағы жәрмеңкелер «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ бастамасымен тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі