ТҮРКІСТАНДА ДОЙБЫДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Түркістанда 100 шаршылы дойбыдан ересектер, жастар және жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының жекелей чемпионатының жалауы көтерілді. Елшілік додаға республикадан 16 команда 80-ге жуық спортшы қатысып, өзара бақ сынайды.
✔️Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсіміне арнайы қатысқан Дойбыдан ҚР-ның мемлекеттік жаттықтырушысы Дастан Қапаев, Түркістан облысының дойбы федерациясының төрағасы Ыбырайым Түрметов және жарыстың бас төрешісі ҚР «100» дойбыдан бас жаттықтырушысы Бауыржан Бердібаевтар сөз алып, ел чемпионатына қатысушыларды құттықтап, барлық спортшыға сәттілік тіледі.
✔️Сайысқа қатысушылар ішінде әр өңірден іріктелген 19 спорт шебері, 2 халықаралық дәрежедегі спорт шебері мен 1 гроссмейстер қатысып, чемпиондыққа таласуда. Айта кетейік, бұл чемпионатта Түркістан облысының 12 спортшысына мол сенім артылып отыр. Олардың қатарында Азияның 7 дүркін және әлемнің бірнеше дүркін жүлдегері Есбол Еренғайып, Айбек Наралиев, Нұрасыл Құдайберген сынды таланттар бар.
✔️Қазақстанда дойбы спорт түрінің дамуына ерекше назар аударылып келеді. Соңғы жылдары осы спорт түрі бойынша өткізілетін іс-шаралар саны артып, жаңа таланттар шығуда.
✔️Жарыс нәтижелері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер күзде Түркия елінде өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі