ТҮРКІСТАНДА ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ СПОРТТЫҚ САЙЫСТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркі мемлекеттерінің астанасы атанған Түркістанда қала күніне орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Спортты жанына серік еткен түркістандықтар ұлттық спорт түрлерінен бақтарын сынады. Олар: ләңгі тебу, қол күресі, арқан тарту мен тоғызқұмалақ, гір тасын көтеру сынды спорт түрлерінен жарысты.
200-ге тарта тұрғын қатысқан жарыстардың жеңімпаздарына қала әкімінің алғыс хаты мен арнайы сыйлықтары табысталды.
ЖАРЫС НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША
Тоғызқұмалақтан
І орын: Абибулла Нұрасыл
ІІ орын: Мырзабек Рамазан
ІІІ орын: Пернебек Сағадат
Ләңгі тебуден
І орын: Иса Әділет
ІІ орын: Абишов Нұржігіт
ІІІ орын: Дәулетбай Мақсат
Арқан тартыстан
І орын: «Бекзат секторы» командасы
ІІ орын: «Сауран секторы» командасы
ІІІ орын: «Шауғар» секторы
Гір тасын көтеру бойынша
І орын: Мақсым Айдар
ІІ орын: Жексен Әли
ІІІ орын: Додобасов Бек ұрат
Қол күрес спорты
І орын: Аманжолов Бағдат
ІІ орын: Исабеков Аян
ІІІ орын: Жаңабек Ерасыл
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі