ТҮРКІСТАНДА МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА ҚАЛАЛЫҚ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласында мұғалімдер арасында спорттың 5 түрі бойынша спартакиада басталды.

Қала көлеміндегі жарыс 21-30 қыркүйек аралығында өтеді. Мәселен, үстел теннисі, волейбол (ерлер және әйелдер), шахмат, кіші футболдан 500-ге жуық ұстаз өзара бақ сынап жатыр.

Бүгін С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебі мен М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясында ерлер арасында волейбол мен үстел теннисі турнирі өтуде.

Жарысқа облыс орталығындағы мектептерден жасақталған 32 команда қатысуда. Спорттық бәсеке барысында үздіктер іріктеліп, облыстық спартакиадаға жолдама алады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі