ТҮРКІСТАНДА «СПОРТ – БІЗДІҢ СЕРІГІМІЗ!» СПАРТАКИАДАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Түркістанда 17 қараша – Халықаралық студенттері күні қарсаңында колледж студенттері арасында өткен «Спорт – біздің серігіміз!» атты спартакиада өз мәресіне жетті. Жабылу салтанатында Жастар ресурстық орталығының басшысы Ернар Бектаев сөз сөйлеп, жеңімпаздарды құттықтады.
«Бұл спартакиада – спортты насихаттаудың жарқын үлгісі. Қатысушылардың ынта-жігері, спортқа деген құштарлығы ерекше болды. Барша жеңімпазды құттықтаймын және жастарымызды алдағы уақытта да осындай белсенділік танытып, жоғары жетістіктерге жете беруге шақырамын» деді.
Шара барысында қатысушылар спорттың төрт түрінен сынға түсіп, өз шеберліктерін көрсетті. Аталған спартакиада жастар арасында достықты, бірлікті нығайтып, салауатты өмір салтын дәріптеуде үлкен үлес қосты.
Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, марапатталды. Атап айтқанда 1-орынды Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжі иеленді. Ал 2-орын Сайрам ауданының Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжіне, 3-орын – Ерқанат Тәңірбергенов атындағы Түркістан индустриалды-техникалық колледжіне бұйырды. Сонымен қатар, жекелей марапаттар табысталды. «Үздік ойыншы» номинациясымен Айдос Қалданбек, «Үздік шабуылшы» номинациясымен Өмірзақ Нұрсәт марапатталды.
Айта кетейік, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырған іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау арқылы жастардың денсаулығын нығайту, әртүрлі оқу орындарының студенттері арасында достық қарым-қатынасты арттыру, жастардың спортқа деген қызығушылығын оятып, олардың шеберлігін шыңдау.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі