ТҮРКІСТАНДА ЖАСТАР АРАСЫНДА ҮЗДІК НОМИНАЦИЯ ИЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыстық «Тәуелсіздік ұрпағы – Жыл көшбасшылары» жобасы аясында «Түркістан жастар премиясы-2023» байқауының марапаттау кеші өтті. Түркістан облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және кеңінен насихаттау және түрлі салада өзінің білімімен, талантымен, белсенділігімен топ жарған жастарды анықтау мақсатында өткен салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев жылдың үздіктерін марапаттады.
– Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз. Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Қазақстанның болашағы сіздерге – сіздердің білімдеріңізге, энергияларыңыз бен патриотизмдеріңізге байланысты. Биыл облысымызда бүгінгі күнге дейін мемлекеттік бағдарламаларға 40 172 жас тартылды. Жастар арасында ұлттық мәдениет пен салт дәстүрлерді дәріптеу мақсатында тек облыс орталығында емес, аудан, қалаларда керемет шара өткізіп келесіздер! «Neet» санатындағы жастармен жұмыс істеу бағытында да зор күн жұмсағандарыңыз белгілі. Ең әуелі жастар бойына рухани – адамгершілік, саяси интеллектік, құқықтық тәрбие басым болған жөн. Бүгінгі марапат алушы барша жастарды шын жүректен құттықтаймын! – деді облыс әкімінің орынбасары
«Түркістан жастар» премиясы түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Марапаттау соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
«Үздік жас мұғалім» – Молдасапаров Айбек (Қазығұрт ауданы)
«Денсаулық саласының үздік жасы» – Мамыртай Ақтолқын (Бәйдібек ауданы), Таспулатов Дамир (Шардара ауданы)
«Үздік жас спортшы» – Есенгелді Асылжан (Келес ауданы)
«Үздік жас мемлекеттік қызметкер» – Кенжетайұлы Мұқағали (Түркістан қаласы), Серік Гүлжан (Кентау қаласы) және Амангелдиев Сұңғат (Жетісай ауданы)
«Үздік жас бейбіт өмір батыры» – Көксубай Бақытжан (Созақ ауданы)
«Үздік жас кәсіпкер» – Мұсабек Құлбатыр (Түркістан қаласы)
«Үздік жас тілші» – Ерман Бауыржан (Отырар ауданы), Анарбай Бақдәулет (Түркістан қаласы), Өтеп Аида (Түлкібас ауданы)
«Үздік жас мобилограф» – Қаңлыбай Ернұр (Түркістан қаласы)
«Үздік жас оператор» – Аяғанов Досжан (Сауран ауданы)
«Үздік жайдарманшы» – Ғалым Нұрқанат (Созақ ауданы)
«Үздік шығармашылық ұжым» – «Жаңа леп» шығармашылық ұжымы (Түркістан қаласы)
«Үздік жас фотограф» – Дүйсеналиев Ердаулет (Сайрам ауданы), Сағындық Ердәулет (Түркістан қаласы)
«Үздік жас актер» – Мейрбек Нұрсұлтан (Төлеби ауданы)
«Үздік жас әнші» –Жауғашаров Әділет (Ордабасы ауданы)
«Үздік жас қоғамдық әлеуметтік қызметкер» – Дастанова Ақбаян (Сауран ауданы)
«Үздік жас волонтер» – Алтай Рамазан (Түркістан қаласы), Рысбек Қанат (Төлеби ауданы), Ермахан Мырзабай (Кентау қаласы)
«Үздік жас студент» – Гусейнова Севинч (Сарыағаш ауданы), Топанбай Мейрхан (Түлкібас ауданы)
«Үздік жас блогер» – Әбілакімова Айдана (Қазығұрт ауданы)
«Үздік Жастар ресурстық орталығы КММ-нің маманы» – Төрехан Карина Лесханқызы
«Үздік Жастар ресурстық орталығы» КММ-і – Бәйдібек ауданы және Арыс қаласы
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі