ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР 9 ЖАСТАҒЫ БАЛАҒА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАДЫ

Облыстық балалар ауруханасының балалар нейрохирургтары «Бас миының эхинококкозы. Көп камералы эхинококк кисталар» диагнозымен 9 жастағы пациентке ота жасады.
Жасөспірімнің ауырғанына шамамен 3 ай болған, бас ауруы, бас айналу, көру қабілетінің нашарлауы байқалған. Мидың МРТ сканерлеуінен де мидың көлемді көп камералы цистикалық түзілуі анықталды.
Науқас ОБА-ның нейрохирургіне жүгініп, балалар нейрохирургиялық бөлімшесіне жедел жатқызылды. Бас миының эхинококкозына шалдыққан науқасқа 3 қыркүйекте ота жасалып, көп камералы эхинококк кистасы алынып тасталды. Оң жақтағы төбе мен шүйдесіне сүйек-пластикалық трепанациясы жасалды. Отадан кейін науқастың жағдайы жақсарды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі