ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘН ДОДАСЫНДА ТОП ЖАРДЫ
Қызылорда облысында 1-2 тамыз күндері ҚР Еңбек сіңірген әртісі, әнші Мәдина Ералиеваның 70 жылдығына арналған «Қазақтың Ақбаяны» атты І республикалық әншілер конкурсы өтті. Түркістан облысының атынан «Конгресс Холл» көпсалалы кешені, «Jana Lep» шығармашылық ұжымының өнерпазы Асыл Жомартов бақ сынады.
Байқаудың бірінші кезеңінде Қазақстан композиторларының әндері орындалса, екінші кезеңде Мадина Ералиеваның репетуарынан әндер шырқалды. Нәтижесінде 5 жеңімпаз анықталды. Үздік өнер көрсеткені үшін түркістандық өнерпаз Асыл Жомартов Бас жүлдені жеңіп алды. Байқау әрі қарай еске алу кешіне, гала концертке ұласты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі