Болгарияда өткен 76-шы «Странджа кубогы» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының жігіттері 5 алтын, 9 күміс, 4 қола еншілеп, жалпы есепте бірінші орынға ие болды. Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Түркістан облысының үміттері де жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, ел құрамасының топ жаруына өз үлестерін қосты.
Айта кетейік, 67 келіде жұдырықтасқан Төрехан Сабырхан барлық қарсыласын тізе бүктіріп, жеңімпаз атанып, «Странджа кубогы» халықаралық турнирінің «Ең үздік боксшысы» номинациясына ие болды. Ал 63,5 келідегі жерлесіміз Мұхаммедсабыр Базарбайұлы финалда қазақстандық Ертуған Зейнуллиновпен қолғап түйістіріп, турнирдің күміс жүлдесіне қол жеткізді.
Сондай-ақ әйелдер арасында түркістандық қос бұрымды 66 келідегі Гаухар Шайбекова мен 75 келідегі Шұғыла Нәлібай қола медальді қанағат етті. Осылайша түркістандық жұдырықты ерлер мен әйелдер жалпы 4 медаль еншілеп, ұлттық құраманың топ жаруына өз септіктерін тигізді.
Ұлттық құрама сапында жүлде салған боксшылар тізімі: