ТҮРКІСТАНДЫҚ ТОҚЫЗҚҰМАЛАҚШЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 3 МЕДАЛЬҒА ИЕ БОЛДЫ
Түркия елінің астанасы Анкара қаласында 9-16 қараша күндері тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтті. Жарыс классика, рапид және шапшаң түрінен болды. Әлем біріншілігіне 14 елден 100-ге жуық спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Моңғолия, Өзбекстан, Румыния, Түркия, Испания, Франция, Чехия, Украина, Грузия, Венгрия және АҚШ спортшылары бақ сынады.
Зияткерлер бәсекесінде Қазақстан намысын қорғаған Түркістан облысының мақтанышы, облыстық ұлттық спорт түрлері мектебінің шәкірті Әсел Далиева қарсылас шақ келтірмей, 2 алтын және 1 қола медаль иеленді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі