ТҮРКІСТАНДЫҚ ВЕЛОШАБАНДОЗДАР АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ӨТІП ЖАТҚАН ЧЕМПИОНАТҚА ҚАТЫСУДА

Түркістан облысының велошабандоздары Астана қаласында өтіп жатқан велоспорттан ҚР чемпионатына қатысуда.
Велоспорт спортын дәріптеу, жарыстардың бұқаралығын одан әрі дамыту және спортшылардың шеберлігін одан әрі жетілдіру мақсатында өтіп жатқан жарыс 7-14 шілде аралығына дейін жалғасады.
Веложарысқа еліміздің 17 облысынан, 293 спортшы бақ сынауда.
Түркістан өңірінен 13-14 және 15-16 жастағы қыздар мен ұлдар 10 және 60 км қашықтық бойынша жарысуда. Олар жеке, жұптық, критериум, топтық жарыстарда бой көрсетеді.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысының велоспорт федерациясы Талдықорған қаласында өткен тасжолдағы велоспорт спортынан Түркістан облысы қыздар арасында командалық есепте 3-орынды иеленгенін хабардар еткен болатын. Бүгінде Түркістан және Кентау қалаларында арнайы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс істеуде. Жалпы есептегенде, 150-ге жуық бала велоспорт спортына қатысып жатыр. Спорт мектептері жасөспірімдерді аталған спорт бағытына қабылдауға дайын. Қатысушы балалар нәтижесінде түрлі жарыстарға қатысып, Түркістан өңірінің топ жаруына үлес қоса алады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі