Түрлі ұлтты біріктіретін – туған тіл
Байзақ ауданы Үлгілі ауылдық клубында «Тіл – татулық тірегі» атты іс-шара өтті. Қазақ, орыс және ағылшын пәндері мұғалімдерінің ұйытқы болуымен өткен шараның негізгі мақсаты – ана тілімізді сақтау және дамыту, ұлттық дәстүр мен мәдениетті сондай-ақ ұлтаралық ынтымақтастық пен сабақтастықты өркендету.
Іс-шараға облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Мүбәрак Қасымқызы мен осы мекеменің медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Николаевна және үгіт-насихат штабының төрайымы Ғани Ақылбекқызы төрелік етті. Ал Ақшабаев, Гоголь және Қостөбе мектептерінен келген ұстаздар ұжымы мен оқушылар қонақ боп келді. Бұл оқулық білім мекемелерінде туындаған кикілжіңдерді шешу, қылмыстық әрекетке жол бермеу әрі жасөспірімдердің құқығын қорғау мен отбасылық берекені сақтауда маңызды рөлге ие.
Іс-шара соңында Үлгілі орта мектебінің директоры Нүркен Айтбекұлы сөз алып, бір шаңырақ астында ғұмыр кешетін түрлі ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруге деген құлшынысы қуантарлық іс екенін баса айтты. Кеш мемлекеттік Әнұранды орындаумен түйінделді.
Байзақ ауданы әкімдігі