Түрме мәдениетінің босатылғаннан кейінгі өмірге әсері мен бейімделу мәселелері
Ұзақ уақыт бас бостандығынан айырудан кейін қалыпты әлеуметтік ортада өмір сүру жагдайларына бейімделу процесі күрделі, яғни жазасын өтеу орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу ол олардың қоғамдағы өмірге моральдық, психологиялық, практикалық, дайындығы, байланыстарды қалпына келтірулері. Сондай-ақ, бұл процесті мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар тарапынан белсенді басқару болып табылады.
Нәтижесінде түзету мекемесінен шыққан адамдар жиі қылмыс жасайды. Бұл проблемалар түзеу мекемесі жағдайында босатылғандарды жаңа жағдайда өмір сүруге психологиялық дайындау бойынша арнайы жұмыс жүргізу қажеттілігін туындатады. Сонымен қатар, сотталғандардың қалыпты жағдайда өмірге моральдық және практикалық дайындығы жеткіліксіз екенін атап өткен жөн
Түрмеден шыққаннан кейін адам бірнеше кезеңнен өтеді: ол түрме мәдениетінің ықпалынан кетеді, қоғам оны қабылдамайтынын сезінеді, басқа бұрынғы тұтқындардан қолдау табады, өзінің «түрме» көзқарастарына оралады және қылмыстық мансабын жалғастырады. Демек босатылғаннан кейін бірінші рет адам инерция бойынша түрме режимінде тұрады, қатал және сезімтал болып қалады.
Осыған байланысты бекітілген бағдарламаға сәйкес №67 мекемесінің АКАТЖЖӘП бөлімшесінің инспекторы әділет аға лейтенанты Мыркалиева Меруерт Нурлановна 2024 жылға арналған әлеуметтік-құқықтық сабақтар бойынша шаруашылық жасағына қалдырылған сотталғандарға арналған босатылуға дайындық дәрісін оқып түсіндірме жұмыстарын жүргізіді.
Мыркалиева Меруерт