Түрмеге тыйым салынған зат лақтырмақ болған

Ағымдағы жылдың 28 ақпан күні Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінің сыртқы аумағынан тыйым салынған затты асыра лақтырмақ болған азамат ұсталды. Тараз қалалық 1-ПБ-нің жедел тергеу тобы шақыртылып, ұсталған азаматты тексеру барысында 3дана ұялы байланыс құралы, 1дана қуаттағыш тәркіленді. Құқық бұзған азамат өз кінәсін толықтай мойындап, түсініктеме берді. Аталған факт бойынша ҚР ӘҚБК-нің 481-бабы 1бөлігімен хаттама толтырылып, іс-құжаттары Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.