Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болсаңыз не істеу керек

 

Үйдегі зорлық-зомбылық тақырыбына арналған кезекті тікелей эфир Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтының Instagram парақшасында өтті. Оқырмандар сұрағына «Қорғау Астана» қорының төрағасы Анна Рыль жауап берді. «Қорғау Астана» қоры тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге көмек көрсетуде. Бізде арнайы қызмет бар – бұл әйел келіп, психологтың, әлеуметтік қызметкердің, заңгердің көмегін тегін ала алатын кеңес беру орталығы. Егер әйелге қажет болса, онда бұл азық-түлік себеті, киім немесе басқа да заттар түрінде көмек болады. Сонымен қатар бізде дағдарыс орталығы – баспана бар. Баспанада әйел баламен бірге, егер олар тікелей қауіп төнсе, алты айға дейін бола алады. Қажет болған жағдайда әрдайым 102-ге қоңырау шалып, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына хабарласыңыз. Басқарма арқылы дағдарыс орталықтары көмек көрсете алады», – дейді қор басшысы. «Егер әйел агрессормен ұзақ уақыт өмір сүрсе, оның төзімі таусылғанын түсінеміз. Біріншіден, бұл туралы маманға, таныс адамдарға айту керек. Біреу отбасында не болып жатқанын білуі керек. Екіншіден, егер әйел қазір қандай да бір жеке себептермен кетуді жоспарламаса, онда оның дайын жолдорбасы болуы керек, егер қауіп төнсе, оны алып, қашып кете алады. Көбіне ер адам бір рет жауапқа тартылғаннан кейін өз-өзін ұстауды үйрене бастайды. Яғни, өз проблемаңызды арнайы органдарға жеткізіңіз. Біз әрқашан айтамыз, құжаттарды үйде сақтамаңыз, көшірмелер жасаңыз. Болуы мүмкін қиын жағдай үшін ағымдағы шот пен депозит ашып, онда ақша үнемдеңіз», — деп түсіндіреді А.Рыль. Агрессияның себебі – адамның дүниетанымы. Бұл мәселені қоғамда жою үшін ерте жастан алдын-алу қажет: балалар өздерінің құқықтарын, басқалардың құқықтары мен міндеттерін түсінуі керек. Психологтың көмегі отбасын сақтауға қандай жағдайларда көмектесетінін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми Instagram парақшасындағы тікелей эфирден білуге болады