Тұрмысы төмен отбасыларға барынша қолдау көрсетілуде

 

Мемлекеттік саясаттың бүгінгі басты ұстанымы – қара халықтиың қамына қызмет етіп, әлеуметтік осал топтарға барынша қолдау білдіруде. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке жыл ішінде 426,6 млн. теңге (оның ішінде жергілікті бюджеттен 23,6 млн.тг теңге) қарастырылған болса, барлығы 835 отбасыдан атаулы әлеуметтік көмекке өтініш түскен.

Есепті кезеңде 736 отбасына 394,6 млн теңге тағайындалып, бүгінгі күнде жыл басынан бері қарай 574 отбасына 325,0 млн. теңге төленген

Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау барысында бекітілген нормативтік рәсімдердің сақталуын, алушылардың табысын жасыру, формальды жұмыстан шығу, жеке кәсіпкерлікті ашу не тоқтату, сондай-ақ жалған неке бұзу, тұрғылықты мекен-жайларын ауыстыру фактілерін анықтау мақсатында ағымдағы жылдың тамыз айында Республикалық еңбек ресурстарын бақылау орталығынан 2019 жылдың 1, 2 және 3 тоқсандарының қорытындысы бойынша (1-тоқсан 11 азамат, 2-тоқсан 9 азамат, 3-тоқсан 23 азамат) 45 азаматтың алған атаулы әлеуметтік көмектерін қайтарту жөнінде тізімі келіп, аталған тізімді анықтау барысында 2 азаматтың міндетті зейнетақы жарналарының қате төленгені анықталса, 43 азаматтың қайтаруға жататын атаулы әлеуметтік көмектің жалпы соммасы 4,2 млн теңге, қайтарылғаны 1,1 млн теңге, қалғаны 3,1 млн теңге. Орындалу пайызы 24,1 пайызды құрап отыр (Қайтару қаржысы бөлініп төленуіне байланысты жыл соңына дейін жалғасады).

Сонымен қатар, Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі, халықты жұмыспен қамту орталығы мамандарымен және ауылдық округі әкімдігінің жанынан құрылған учаскелік комиссия құрамымен бірігіп үй-үйді аралау барысында атаулы әлеуметтік көмектен өз өтініші бойынша 132 отбасы бас тартты.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жеке оңалту бағдарламасының негізінде есепті кезеңде 37,0 млн. теңге бөлініп, оның ішінде 70 адамға гигиеналық құрал алуға, жеке көмекшіге 68 адамға, 37 адамға үйден әлеуметтік көмек көрсетуге және үйден оқытылатын 21 балаға барлығы 196 адамға әлеуметтік көмек тағайындалып төленді.

Біржолғы әлеуметтік көмекке жергілікті бюджеттен барлығы 7,5 млн. теңге бөлініп, мереке күндеріне орай 95 азаматқа 5,5 млн теңгенің көмегі, отбасы жағдайын байланысты 9 азаматқа 270,0 мың. теңгенің материалдық көмегі көрсетілді, сонымен қатар ауылды жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуына 1334 маманға 8,8 млн. теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетіліп отыр.

Дедек Төлен