ТҮС ОҢАЛМАЙ – ІС ОҢАЛМАС!

Адам өмірінің едәуір бөлігі ұйқымен өтетіні белгілі. Күні бойғы қауырт жұмыстан шаршап келіп, тынығайын деп көсіліп жатып көз ілген сәтіңізді немістер «Тәтті ұйқы — тамақтан кем емес» деп суреттесе, күрдтеріңіз «Ұйқы – қорғасыннан ауыр, қанттан тәтті» деп сипаттайды. Ал сөйтіп жатып аңдаусызда шошынып, «Үрейлі түс көргенше, ұйықтамағаным артық» деп түріктерше тұрып кетуіңіз де, жоқ әлде «Жаманның жан рахаты – ұйқы» деген қырғыздардың танымына басып бүркеніп жата беруіңіз де өз қалауыңыз.

Исламда түс үш топқа бөлінеді. Олар: рахмани, шайтани, аяни. Анатомияда адамның ұйықтау мезетіндегі таңғы төрт пен бестің уақыты – түстің уақыты деп саналса, халық ұғымында таңсәрідегі түс адамның болашақ тағдырын меңзейді. Ал бұл – таңсәрідегі уақыт – «аяни» түс кезі.
Ұлық Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хадис-шәріптерінің бірінде: «Жақсы түс – пайғамбарлықтың қырық алтыдан бір нышаны» деп айтылғанын басшылыққа алған кейбір дінтанушылар Алла Тағаланың түзу жолындағы адал мүминдердің көп түс көрмейтінін, тек қана қатты қиналған кезде сол тығырықтан шығатын жол көрсеткен «аяни» түстерді көретінін айтады. Біздіңше, адам баласы қиналған кезінде ғана емес, мамыражай шағында да «аяни» түстерді көреді. Аллаһ Тағала мейірім шапағатын төксе, оның келешегі де түсіне аян болып кіреді.

«Күндіз-түнде ұйықтауларың, сондай-ақ Алланың кеңшілігін іздеулерің де, оның белгілерінен. Күдіксіз бұларда тыңдаған қауым үшін белгілер бар (Рұм – 23) Кеңшілік деп көрінбейтін өмір жиілігінен несібе жинауды ескертеді яғни ұйқы кезінде есту қасиетінің тазарудан өтіп, есеп беріп отырады. Жалпы адамзат баласы үшін ұйқы кезінде рухты тыңдау үкім болып табылады. Сол белгі арқылы әркім тән сыйымдылығына қарай тазарып отырады. Тазарудың да екі дәрежесі болса, кеңшілік жоспар алудың да екі дәрежесі бар. Есту және көру белгілері.

Кіші өлім — ұйқы кезінде есту қабілеті міндетті түрде жанмен бірге сапар шегеді. Көру қабілетінің кеңшілікке шығуы аян болып пенде тағдырына өзгеріс енеді. Көру,есту сезімдерінің (толық жанның) киелермен байланысқа түсуін тек әулиелер жаны арқылы жүреді. Сондықтан да құранда : «Рахманның қасында уәде алғаннан басқа ешкім шапағат ету күшіне ие болмайды.» (Мариям – 87) Онда да сол шапағатшылармен байланысқа екі арада сапқа тұрып, ұрпағы үшін уәде беріп. шырылдап тұратын ол ата-аналар жаны арқылы ғана атқарылады. Сол жандар тізбегін Алланың жібі болып қалай жалғану панде баласының өз еркіне беріп қойған. Қаласаң жалған, қаламасаң жердің бетінде ғана жүре бер, түбі бәрі бір еріксіз мәжбүр боласың сол жіпке.

Аятта: «Расында сондай қарсы келгендер және қарсы болған күйде өлгендер, міне соларға Алланың лағнеті әрі періштелердің және бір тұтас адамдардың лағнеті болады.» (Бақара) – 161) Өз ата – бабасынан ескерту алмайтын, тапсырма алмайтын пенде болмайды. Орындай алмасаң Алланың және ата-аналардың қарғысына қаласың. Аманат деп аталып, аманатқа қиянат жасау қазақ дәстүрінде сатқындық болып қабылданады. Ұйқы кезінде алған ескерту белгілерге мән бермеу Алла бұйрығына қарсы келу болып есептеледі.

«Ол сондай Алла, ізгі іс жүзінде қайсыларың жақсы, сынау үшін өліммен тіршілікті жаратқан. Ол тым үстем, аса жарылқаушы». (Мүлік-2) Тіршілік өмірдің қорытындысы өлім. Ұйқы сол өлімнің бірінші белгісі болса, тіршілік бастамасы ұйқыдан нәр алып, туғаннан бастап пенде үлкен өлімге дайындала бастайды. Бір күн өмір сүрсең де соған «шүкір» деген қазақта. Және де «Түсің түзелмей, ісің түзелмес» — деп ескерткен дана қазақ.

Түсіңде ескерту үшін шапағатшылармен қорушы жан арқылы ғана байланыс жүреді. Әрине жаннаттық жандар ғана рухтан хабар жеткізе алады. Бұл жалған өмірдің барлық белгісі ақиретте де бар, сондықтан нені іздесең соны табасың. Барлық нәтиже пенденің ниетінде тұрады.Түс «шайтан» деп түсіндіретін дін танушылар кездеседі негізінен құран үгітін түсінбегендіктен тәпсірлерден туындаған пікір.

https://books.atazholy.kz/category/aqiqat-bastayi-2-bolim/t-s-ahiret-terezesi/