Түсіндірме жұмыстары
Бүгін аудандық «Жәми» және Төле би ауылындағы «Төле би» мешітінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы мен Сібір жарасы сынды аса қауіпті инфекциялардың таралуын алдын алу мақсатында арнайы ақпараттық түсіндіру тобы аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Негізгі жұқтырушы және ауру қоздырғыштарын тасымалдаушы кене болып табылады, дегенмен жабайы және үй жануарларының ағзасында да ауру қоздырғыштары болады. Адамның ауруды жұқтыруы жұқпаланған кенемен қатынаста немесе кене шаққан жағдайларда және қанында вирусы бар жануарларды сою кезінде жұқтыру жиі кездеседі. Аңдамай күзгі күйбең тірліктің барысында ауру қоздырғыштармен қатынаста болуының әбден мүмкін екені белгілі.
Сол себептенде, өзіңізді және жақын жандардың денсаулығына зиян келтірмес үшін міндетті түрде жеке басты қорғау, сақтану құралдарын пайдаланыңыз!
Кене шаққан немесе кенемен жанаста болған жағдайларда міндетті түрде медициналық ұйымға қаралуыңыз және 14 күн медициналық бақылауда болуыңыз қажет.