ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

🟢Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Е.Тұмабеков Тараз қаласындағы №5 қалалық емханасының жас мамандарымен мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында жүзеге асырылып отырған Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің үшінші кезеңін түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
🟡Кездесу барысында «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығына сәйкес, іріктеудің талаптары толығымен түсіндірілді, сондай-ақ 2023 жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында pkrezerv.gov.kz арнайы сайтында онлайн режимде құжаттарды тапсыру мүмкіндігі айтылды.
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті