Түсінігіңізді өзгертіңіз, сонда сіздің өміріңіз де өзгереді
- Бәріне бірдей алғыс білдіріңіз. Жақсылыққа да, жамандыққа да, сұмдыққа да. Өйткені өмірдің өзі сізге баға жетпес сыйлық екенін естен шығармаңыз. Ал ләззат пен ауыртпашылық сол өмір жолындағы кедергілер.
- Түсінігіңізді өзгертіңіз, сонды сіздің өміріңіз де өзгереді. Қорқыныш, ашу, реніш секілді кездерде оқиғаға басқа бұрыштан қараңыз.
- Әр жеңісіңізді тойлаңыз. Тіпті кішкентай белесті бағындырсаңыз да елеусіз қалдырмаңыз.
- Алға қойған армандарыңыз бен мақсаттарыңызға қол жеткізу үшін айналаңызға мұқият мән беріңіз. Өйткені өмір өте қызық нәрсе. Жүре берсеңіз, көре бересіз. Ең бастысы ерінбей еңбек ете білу керек.
- Әр адам біздің өмірімізге белгілі бір оймен келеді. Ал ол келген оймен біз келісеміз бе, келіспейміз бе өзіміз білеміз. Оның біздің өміріміздегі рөліне байланысты шешім қабылдаймыз.
- Өз-өзіңізге сеніңіз. Қандай ауыр күндер келсе де, жеңіп шығатыныңызға сенімді болыңыз. Бәрі де ойдағыдай болады.
- Барлығын бірден жүрекке жақын қабылдамаңыз. Бәз біреулердің іс-әрекеттері өздерінің өмірінен хабар береді. Сондықтан оның сізге ешқандай қатысы жоқ.
- Табиғат дертіңізге дауа болады. Таза ауада серуендеу немесе әдемі пейзаждардың көрінісі басыңыздағы артық ойлардың бәрінен арылуға көмектеседі және көңіл-күйіңізді көтереді.
- Біреуге ренжулі адам сізді де ренжітуі мүмкін. Бірақ бәрібір оны жақсы көріңіз.
- Сауығу үшін оны сезіну керек. Өзіңіздің қорқынышыңыз бен осал тұстарыңызды жасырмаңыз. Шындықтың көзіне тура қарау өте қиын. Бірақ оның сізге пайдасы мол.
- Әрдайым дұрыс жолмен жүре берсеңіз де жалығып кетуіңіз мүмкін. Сондықтан жіберген қателіктеріңізді еске түсіріп, еңсеңізді түсірмеңіз. Басыңыз аман болса, бәрі де жақсы болады.
- Айналаңыздың бәрін айна деп елестетіңіз. Сіз біреуді жақсы көресіз, демек, өзіңізді де жақсы көресіз. Егер біреу сізді ренжітсе, онда сіз өз-өзіңізге дұрыстап қарауыңыз керек.
- Өзгенің көңіліне қарап, бақытты қылу оңай нәрсе емес. Бұл өмірде тәуекелге баруыңыз керек. Іштей!
Аударған Шынар Әбілда