Туы биік елдің тұғыры биік

🔹Тұңғыш Президент саябағында «Тәуелсіз ел – Қазақстан» мерекелік кеш өтті. Жиында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков жұртшылықты құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді.
🔹Мерекелік іс-шаралар легі «Туы биік елдің тұғыры биік!» авто, мото, велосипедшілер шеруімен жалғасты.
📌Төле би даңғылындағы Орталық алаңнан бастау алған шеруге қала жастары мен ерікті азаматтар, кәсіби спорт шеберлері қатысты.