ТҮЙЕТӨБЕДЕГІ ТАҒЗЫМ
1997 жылдан бері еліміздеде 31 мамырда «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» аталып өтіледі. Ақтөбеліктер биыл да жылдағы дәстүр бойынша Түйетөбеге барып, саяси қуғын-сүргін жылдары жазықсыз құрбан болған ата-бабабаларын еске алып, марқұмдардың рухына құран бағыштады.
Ақтөбе қаласы Пригородный ауылынан солтүстік-шығысқа қарай орналасқан ескерткіштің тарихи мәні бар: Түйетөбе зұлмат жылдары жазықсыз атылғандардың жерленген жері ретінде белгілі. Тарихи дерек бойынша, 30-жылдардағы репрессия кезінде Ақтөбе облысында сегіз мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, оның ішінде екі мыңнан астам адам ату жазасына кесілген.
Шара барысында қалалық мәслихаттың депутаттары, ардагерлер және ата-әжелер, жастар ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
— Жас ұрпақ мың өліп, мың тірілген ата-бабасы құрбан болған қасіретті жылдарды есте ұстауы керек. Егемен еліміздің жастары әлі де іздеушісі жоқ, шаң басқан материалдарды іздейді, зерттейді деп сенемін, — денсаулық сақтау саласының ардагері, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе қалалық ұйымының төрағасы дейді Роман Рахиев.
Мейрамгүл Рахатқызы.