️ Түлектердің тартуы

♦️ Талас ауданы, Ақкөл ауылында 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай, 20 жылдық мектеп түлектерінің демеушілігімен қайта жаңғыртылған балалар ойын алаңы пайдалануға берілді.
♦️ Түлектердің туған ауылына тарту еткен балалар ойын алаңының жалпы құны 3,8 млн. тенгені құрайды. Аталған қаражатқа ойын алаңының аумағы абаттандырылып, балаларға арналған әткеншектер орнатылған. Одан бөлек, аумағы жарықтандырылып, Эйфель мұнарасы орнатылған.
♦️ 2002 жылы мектеп бітірген түлектердің ауылға деген тартуына ауыл тұрғындары шексіз ризашылығын білдірді.

☑️☑️☑️ Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі