ТҮЛЕКТЕРДІҢ ТУҒАН АУЛЫНА ТАРТУЫ
2021 жыл 10- сәуір күні ШОҚАЙ аулында ауыл жастары мектеп бітіргендеріне 20-жыл толынуына орай ауылға деген құрметтерін білдіріп «ШОҚАЙ АУЫЛЫ » деп жазылған Арка орнатып тарту етті.
ЖАҚСЫ БАСТАМА.
Осынау қуанышты ашылу салтанатына ауыл Ақсақалдары, батыр Аналар, мектеп ұжымы, округ әкімі құрметті қонақ болып шақырылды олар ақ бата Алғыстарын білдірді.
МӘМБЕТӘЛІ ЗАРПҰЛОВ
ТҰРАР ӘУБӘКІРОВ
ИСМАЙЛ ХАДЖИМУРАТОВ
БАЙЗАҚ ДОСАНБАЕВ
СЕМБЕК ПРІМҚҰЛОВ
10-балалы батыр Ана
АЛПЫСБАЕВА САПАРКҮЛ
Ұстаз ГҮЛНӘР ҚЫДЫРАЛИЕВА
мектеп директоры
ЖАНДОС ДОСҚОЖА
ауыл әкімі ДҮЗЕЕВА НҰРСҰЛУ ЛУТФУЛЛАҚЫЗЫ
сөз сөйлеп жылы лебіздерін білдірді.
АУЫЛ ЖАЙЛЫ мәлімет
Шоқай ауылы қолхоздастыру кезінде Есентөбе с/советі, ОКТЯБРЬ-ЖЕМІС қолхозы болып құрылды, совхоз ұжымы болып құрылғанда АСА с/советі, АСА совхозының 4-бөлімшесі болып аталды.
Кеңестік билік күйреген соң 2019 -жылы онаммастика тіркеуінен өтіп ШОҚАЙ АУЫЛЫ аталып тіркелді.
Шағын ауылда 150-дей отбасы бар, ауыл үш көшеден тұрады, көшелер ауылдан шыққан Еңбек Ардагерлерінің атымен аталады.
1 -көше ҰОС-Ардагері аға лейтенант
Дербсалы Байғазиев.
2-көше Еңбек озаты,қызылшашы
Қалия Рысқұлова.
3-көше Оңласын Жалпанова аттарымен аталады.
ШОҚАЙ АУЫЛЫ тұрғындары еңбекқор,оның басты дәлелі Аса қызылша совхозына әр жылдары екі жолы келген ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1-ші басшысы Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев ақсақалды Шоқай ауылының қызылша алқабына келгенін ауыл тұрғындары әлі ұмытқан жоқ,жақсы күтімдегі жайқалған қызылша алқабына сүйсініп риза болып батыр Ана Түзелкүл Сапарбекова, Қалия Рысқұлова аналардың қолын алып түскен Д Қонаев ақсақалдың суреттері осы күнге дейін тарих жәдігері болып сақталып отыр.
1980-жылдары Аса с/советі хатшысы болып жүргенде ауылда 10-11 ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп отырған Аналар тізімін дайындаған едім,осы шағын ауылда 37-батыр Ана болды, бұл дегенің 370-380 ұл-қыз өсіріп отырған Алтын құрсақты Аналар еді.
Шоқай ауылында 10-шақты еңбек Ардагерлері түрлі марапаттан бөлек «Еңбек қызыл ту»медалінің иегерлері.
Жамбыл облысының мақтанышына айналған
ЖАҢЫЛ ДОСҚОЖА мен БАЗАРКҮЛ КӨШЕРБАЕВА темір тізгіндеген тракторшы қыздар болды.
Қәзіргі таңда ШОҚАЙ АУЫЛЫ көркейіп келеді, ауылға газ тартылған,су құбырлары орнатылуда, бетон канал жұмысы аяқталуда, ҰОС-арналған ескерткіш тақта орнатылып ауылдан соғысқа қатысқан боздақтар тізімі жазылған .
Быйылғы жылы АУЫЛ програмасы бойынша Жамбыл облысы әкімі Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлы ықпалымен ауылда жаңа клуб соғылып пайдалануға берілді, алдағы уақытта ескірген мектепті жарамсыз деп тауып 150-орындық мектеп пен үш көшеге асфальт төселу жоспарланып отыр, ауыл тұрғындарына алдағы уақытта жер бөлініп екі көше берілуі көзделіп отыр.
Осындай АУЫЛ мәселесін шешуге ықпал жасап отырған Жамбыл облысы әкімі Бердібек Мәшбекұлына ел Алғысы шексіз.
Осындай игілікті істерді қолдап жүрген Ел ағалары Қасымхан Төлендиев мырзаға, Асаубай Майлыбаев мырзаға, әрдайым іскерлігімен еңбектеніп жүрген ауыл әкімі Нұрсұлу Дүзееваға ауыл тұрғындары зор ризашылығын білдіреді.
Ауылды көркейтуге үлес қосқан жастарымыздың игі жұмыстары жалғаса береді,оларға әрдайым Ел Алғысына бөлене берсін деп Ақ жол тілейміз.
Өз уақытында еңбек сіңірген ауыл Ардагерлерінің ұрпақтары еңбектің зейнетін көріп отырған АТА-АНАЛАРДЫҢ аманатына адалдық танытып еңбек ете береді деп сенеміз.
Шағын ғана ШОҚАЙ АУЫЛЫНА, жастарға Жасай бер, Көркейе бер, Гүлдене бер деп батамызды беріп әрдайым Сәттілік тілейміз.
Осындай жақсы іске бастама көтерген ауыл жастарына Алғысымыз шексіз.
Жамбыл облысы Ардагерлері кеңесінің мүшесі, ЖЕЛТОҚСАНШЫ
ИСМАЙЛ ХАДЖИМУРАТОВ.