Түркі әлемінің киелі бесігі Түркістан
Бүгін Түркістан қаласында партия облыстық филиалының конференциясы өтіп, оған партия Төрағасының Бірінші орынбасары Маулен Ашимбаев қатысты. Ол өз сөзінде Елбасының өңірге үлкен үміт артып отырғанына назар аударды.
– Түркістан Елбасы саясатының арқасында дамудың жаңа кезеңіне аяқ басып отыр. Бұл тарихи шешім ата-бабаларымыз бастап кеткен іргелі істің лайықты жалғасы және қаланың өсіп-өркендеуіне оң әсерін тигізетін маңызды қадам екені сөзсіз. Осылайша Мемлекет басшысы Түркістанның қайтадан түлеп, жаңғырып, ел дамуына өз үлесін қосатын орталыққа айналуына даңғыл жол ашып берді, – деді Мәулен Әшімбаев.
Сондай-ақ басқосуда конференция делегаттарының мақұлдауымен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы болып сайланды. Мәулен Әшімбаев облыс әкімінің бұл қызметті де абыроймен атқаратынына сенім білдіріп, төрағалық куәлігін салтанатты жағдайда тапсырды.
Сонымен қатар конференцияда партияның Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесінің және Саяси кеңес бюросының құрамы бекітілді.
Маулен Ашимбаев фб парақшасынан