Түркі әлемінің мәдени астанасы Түркістанға сапар
«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ Жамбыл облыстық филиалы Түркістан облысының қасиетті орындарына сапар ұйымдастырды. Ү.ж. 1-2 сәуір күндері салаға қарасты қызметкерлер Жамбыл-Түркістан облыстарының қасиетті орындарын аралауға шықты. Бірінші кезекте Тараз қаласынан 18 шақырым қашықтықта орналасқан республикалық маңызы бар сәулет ескерткіші Айша бибі кесенесіне тоқтады. Ары қарай Домалақ ана кесенесі мен Ақмешіт әулие үңгіріне барып, Отырардағы сәулет өнері ескерткіші Арыстан баб кесенесіне тоқтайды. Келесі күні Үкаш ата кесенесіне соғып, Түркістанды аралап қайтады. Сапар сәтті өтіп, Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Рамазан айы құтты болсын!
«Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы»
аймақтық кәсіподақтар бірлестігі