ТҮРКІСТАН: 14 ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫ КІТАП ЖАЗДЫ

Түркістан облысы адами әлуетті дамыту басқармасына қарасты Б.Өтеп атындағы мамандандырылған «Өнер» мектеп-интернатында «Дарындыға дархан жол» атты шығармашылық кеш өтті. Бұл кештің басқа кештерден бір айырмашылығы — жас ақын Айсұлтан Закировтың «Қауырсын» атты қанатқақты кітабының тұсауы кесілді.
Айсұлтан Закиров – ақындар сыныбынан дараланып шыққан талантты шәкірттердің бірі. 9 жасынан бастап өлең жаза бастаған бозбала 2019 жылы айтыс өнері бойынша Батырбек Өтеп атындағы мамандандырылған «Өнер» мектеп-интернатына түскен. Кешке қатысушылар жас ақынға сәттілік тілеп, құрмет көрсетті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі