ТҮРКІСТАН: 563 МЕКТЕП КАМЕРАСЫ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҚТАРЫНА ҚОСЫЛДЫ
Түркістан облысында 943 мектептің 563 камерасы Жедел басқару орталықтарына қосылды. Бұл жалпы мектептердің 60%-ын құрайды. Жоспар бойынша техникалық мүмкіндігі бар жалпы 750-ге жуық мектепті жедел басқару орталықтарына шығару жоспарланып отыр.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасымен барлық білім беру ұйымдарындағы бейнебақылау камераларын полиция органдарының жедел басқару орталығына шығару тапсырмасы түскен.