ТҮРКІСТАН: БАЛАБАҚШАЛАРДЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ – ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРАДЫ

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мектепке дейінгі ұйымдарда лицензиялауды енгізу бойынша брифинг өткізді. Онда департамент басшысының орынбасары Жанар Сатыбалдықызы лицензиялау – балабақшалардың қызмет көрсету сапасын арттыратынын айтты.
«Лицензиялаудың мақсаты — балабақшаларды жабу емес. Керісінше, мемлекет мектепке дейінгі ұйымдардың дамуына жағдай жасайды. Барлық жұмыс істеп тұрған балабақшалар тәуекелдерді бағалау негізінде лицензия алатын болады. Балабақшаға бармай-ақ, қауіпті жағдайлар Ұлттық білім деректері базасы арқылы автоматтандырылған жүйеде анықталатын болады. Лицензия беру бойынша мемлекеттік қызмет толық автоматтандырылған, лицензиар мен лицензиат арасында тікелей өзара іс-қимыл жоқ», — деді департамент басшысының орынбасары.
Айта кету керек, лицензиялау кезең-кезеңмен жүзеге асырылады деп жоспарлануда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі