ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ТОПАН СУ БАСҚАН АУЫЛДАРДЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
«Қазіргі таңда судың деңгейі түскен ауылдардағы аулалық әжетханаларында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Әзірге Фердауси және Өргебас елдімекендерінде профилактикалық шараларды қолға алдық. Алдағы уақытта су деңгейі түскен басқа да ауылдарда дезинфекциялау жұмыстары жалғасатын болады. Дезинфекциялау жұмыстары мұнымен шектелмейді. Сондай-ақ, елдімекендердгеі су ұңғымалары мен ауыз су құбырлары да тиісті әдістермен тазартылады. Соңында ауыз суға сараптамалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, тексерілетін болады», – дейді А.Ахметов.
Айта кетейік, жалпы дәрілеу жұмыстарына «Шымкент дезинфекция» мекемесінің арнайы 6 маманы жұмылдырылған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі