ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЭКСПОРТТАУШЫЛАРЫ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ БІР БӨЛІГІ ӨТЕЛЕДІ

Экспорттаушылар 2020 жылдың 1 маусымына дейінгі аралықта мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын алуға өтінім бере алады.
Түркістан облысы бойынша өткен жылдың қорытындысына сәйкес QazIndustry компаниясы тарапынан «еңбек өнімділігін арттыру» бағыты шеңберінде 69 кәсіпорыннан 779,15 млн.теңгеге 122 өтінімдердің шығындары өтелді, ал «отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту» бағыты бойынша 139 кәсіпорыннан 3,9 млрд. теңгеге 179 өтінімдердің шығындары өтелді, оның 3,5 млрд. теңгесі тауарларды жеткізуге байланысты шығындар және 350,5 млн. теңгесі тауарларды жылжытуға арналған шығындар бойынша.
Нақты алушылар туралы айтатын болсақ, 2019 жылы Түркістан облысы бойынша шығындарын өтеген кәсіпорындар: «Кентаулық трансформаторлық завод» АҚ шетелде көрмеге қатысу бойынша шығындарын өтеген, «Асыл-LTD» ЖШС өнімді экспорттау кезінде көлік шығындарын өтеген, «КТЗ» АҚ басқару жүйесін автоматтандыру бойынша шығындарды өтеді.
QazIndustry ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің еңбек өнімділігін арттыру бойынша және ҚР сауда және интеграция министрлігінің отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша операторы болып табылады.
Компания экспорттаушыларға өңделген тауарларды шетелде жарнамалауға, шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдарға тікелей қатысуға; шетел тілдеріне аударуға және мамандандырылған каталог шығаруға, өнімді шетелде сертификаттауға, қойманы, сауда үй-жайларын жалға алуға байланысты шығындарды өтейміз. Елеулі шаралардың бірі – көлік шығындарының бір бөлігін өтеу.
Компания қызметкерлерінің айтуынша, бүгінде мемлекеттік қолдау шараларын барлық санаттағы өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары – ШОБ пен ірі бизнес пайдалана алады. Бірақ нақты талаптар бар. Мысалы, еңбек өнімділігін арттыруға байланысты кеткен шығындардың бір бөлігін қайтарып алу үшін кәсіпорын қызметін экономиканың басым секторларында кемінде 1 жыл жүзеге асыруы қажет. Ал экспорттық шығындарды өтегісі келетіндер отандық өңделген тауарларды өндіруші болуы немесе өндірілген өнімді өткізетін оның еншілес компаниясы болуы қажет.
Коронавирус пандемиясы мен ірі қалаларда карантин енгізуден туындаған елдегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты, өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметі толық немесе ішінара тоқтатылды, ал шығындарды өтеу кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан мамандар барлық кәсіпкерлерге шығындарды өтеуге өтінім беруді ұсынуда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі