ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ БАСЫН КӨБЕЙТУДЕ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДА
Табиғаты тамаша, ауа райы жанға жайлы Түркістан облысында төрт түліктің де күн санап өсіп, экономиканың қарыштап дамуына атсалысуы қуантарлық жағдай. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың мәліметінше, жылдан-жылға қатары көбейіп келе жатқан біздегі ірі қара мал басы былтыр 9 пайызға өсіп, 994,2 мың басты құраған (республикадағы үлесі 2-орын). Қой-ешкі 3 %-ға өсіп, 4,1 млн. басты құрап, республикадағы үлесі 1-орын, жылқы 8%-ға өсіп, 320,5 мың басқа жетті. Республикадағы үлесі 1-орын. Ал түйе 8%-ға өсіп, 28 мың басты құрады. Республикадағы үлесі 4-орын. Құс 9%-ға артып, 2,04 млн басты құрады. Республикадағы үлесі 6-орын.
Нәтижесінде, Түркістан облысында ет өндіру 5%-ға артып, 222 мың тонна өндіріліп, Республикада үлесі 3-орынға шықты. Сүт өндіру – 3%-ға артып, 699 мың тоннаны құрап, Республикадағы үлесі 2-орынға жетті. Жұмыртқа 8%-ға артып, 188,1 млн дана өндірілді.
Сонымен қатар, 2018 жылы облысымыздан 9,6 мың тонна ет Өзбекстан, Иран, БАӘ экспортталып, республика экспортының 54%-ын құрады.
Ал шет елден мал сатып алу бойынша импорттық ІҚМ аналық басын сатып алу бойынша тапсырма 2018 жылы облыста 1875 мал басына жоспарланған болса, келіп түскен өтінімдерден мақұлданғаны 2619 басты құрады. Оның ішінде нақты Қазақстанға келгені 1106 бас, карантинге қойылғаны 1513 құрады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында облыста 38 ет өңдеу кәсіпорынында 19,6 мың тонна ет, 35 сүт өңдеу кәсіпорынында 59,1 мың тонна сүт, 34 жеміс-көкөніс өңдейтін кәсіпорында 24,6 мың тонна жеміс қайта өңделіп, өңделген өнім көлем 2018 жылға 39,7 млрд. теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 2,2 млрд. теңгеге артқан.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі