ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АУТИЗМ КҮНІНЕ ОРАЙ «АШЫҚ ЕСІК» КҮНДЕРІ ӨТТІ

 

Түркістан облысында Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне арналған «Ашық есік» күндері өтті. 
Шара облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Облыстық психикалық денсаулық орталығында» балалар психолог мамандары мен және логопедтердің қатысуымен ұйымдастырылды.
«Ашық есік» күндеріне 48 ата-ана балаларымен келді. Онда 3 дәрігер ата-аналарға аутизм туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, мамандар ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. «Аутизм» ауруының белгілері туралы, аутизмі бар балаларды тәрбиелеу, мүгедектікке шығару, емдеу мәселелері бойынша ақпарат айтылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі