ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЕЛ ТІРЕГІ – 2019» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысында күзгі әскерге шақыру шеңберінде «Ел Тірегі – 2019» республикалық науқаны басталды. Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысы Қорғаныс істері жѳніндегі Департамент бастығының орынбасары, майор Жандос Тынымбекұлы мәлімдеді.
«1 қыркүйектен бастап күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны Түркістан облысы қорғаныс істері жѳніндегі департаментінде тыңғылықты жүзеге асырылуда. Жалпы жыл сайын Түркістан облысы бойынша 18-27 жас аралығындағы жастардың ішінен іріктеліп, 4 мыңнан астам азамат әскерге аттанады. Олар ҚР барлық аумағындағы ҚР ҰҚК Шекара қызметінде – 800-ге жуық,  ҚР Қорғаныс министрлігінде – 1500-ге тарта, Мемлекеттік күзет қызметінде – 30-ға жуық, Ұлттық ұлан бойынша – 1700-дей азамат әскери борыштарын өтеуге аттанады», – деді Ж. Тынымбекұлы.
Бұдан басқа өз Отаны алдындағы борышын адал атқару мақсатында ҚР ҚК мен Білім минстрлігінің арасында бірлескен жоспар түзіліп, мектеп және арнайы оқу орындарында «ЖАС – САРБАЗ», «СМАРТ – САРБАЗ» әскери патриоттық клубтары мен сыныптары құрылған.
Қазіргі уақытта Түркістан облысы Қорғаныс істері жѳніндегі департаментінен 200-ге жуық азамат ҚР ҰҚК Шекара қызметінде әскери борыштарын өтеуге аттанды.
Сондай-ақ, әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің баптарына сәйкес әскерге шақырылушылар себепсіз жалтаратын болса, айыппұл тѳлейтіндігі жайлы ескертілді.
Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі