ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАЛ БОРДАҚЫЛАЙТЫН АЛЫП АЛАҢДАР ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ
Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында ел экономикасының өсуінің драйвері ауыл шаруашылығы екендігін айтып, оның ішінде етті мал шаруашылығының рөліне ерекше тоқталған болатын. Осы мақсатта Түркістан облысының Түлкібас ауданына қарасты Шұқырбұлақ елді мекенінде «Адал» шаруа қожалығы 3000 бас ірі қара малды бордақылауға арналған бірнеше алаңды ашуды жоспарлап отыр.
Жалпы мал жайларын соғу екі кезеңде іске аспақ. Атап айтсанда, 1500 басқа арналған алаңдар биыл іске қосылса, 2019 жылы қосымша 1500 басқа арналған алаңдардың құрылысын жүргізу межеленген. Нәтижесінде шаруа қожалық жылына шамамен 1200 тонна ірі қара мал еті өңдірілмек. Жобаның жалпы құны 900 млн. теңгені құрайды. Аталған жоба толығымен іске қосылған жағдайда 30 адамға жұмыс орны ашылатын болады. Бұдан өзге, аудандағы мал шаруашылығына қажетті егін түрлерін егетін диқандардың өнімдеріне сұраныс арта түспек.
Қазіргі таңда аудан аумағында 268 мал бордақылау алаңшаларында 2200-ден астам жылқы мен 2 мыңдай ірі қара мал бордақылануда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі