ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР 1 МЛН 640 МЫҢНАН АСТЫ
Түркістан облысында МӘМС жүйесіне тұрғындардың қатысуы біршама артты. Бұл жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев мәлімдейді.
2022-2024 жылдарға арналған тұрғындардың денсаулығы жағдайын жақсарту жөніндегі Меморандумға сәйкес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандырылған азаматтардың үлесін 2022 жылға 84% жеткізу жоспарлған. Жыл басынан бері сақтандырылғандардың үлесі – 1 640 334 адамды құрады. МӘМС шеңберінде облыстың 300 мыңнан астам тұрғыны медициналық қызметтерді алудан қағылып отыр.
Жалпы, облыс бойынша МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған жалдамалы жұмысшылардың үлесі – 6%, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтіндер – 11% және жеке кәсіпкерлер – 1,8%-ды құрайды. Атап өтетін жайт, жұмыс беруші мекеме — қызметкерлер үшін жауапты болып табылады. Соның ішінде МӘМС жарналары мен аударымдарын уақтылы төлеуі тиіс. Сақтандырылмағандардың арасында – мұғалімдер, тәрбиешілер, жеке сот орындаушылар, жеке кәсіпкерлер және олардың қызметкерлері кездеседі. Сондықтан әр адам өзінің сақтандыру мәртебесін тексеріп, төлемдердің болуын нақтылауы тиіс. Ол үшін «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасын жүктеу немесе Telegram-дағы «Saqtandyry-bot» арқылы тексеруге, ал төлемдердің сомалары мен кезеңдерін egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы анықтауға болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі