ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҢТҮСТІК АЙМАҚТАРЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына орай, негізгі басымдық облыс аумағындағы халқы тығыз әрі шекара маңында орналасқан оңтүстік аудандардың (Шардара, Мақтаарал, Жетісай, Келес және Сарыағаш) автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту мәселесіне берілуде.
Бұл ретте, қазіргі таңда «Түркістан-Шардара» бағытындағы облыстық маңызы бар КХ-8 «Өзбекстан шекарасы-Шардара-Арыс-Темірлан» автомобиль жолының жалпы 162,6 шақырымында және жол бойындағы 8 көпірде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстар аяқталған кезде облыс орталығы мен оңтүстік аудандар арасындағы арақашықтық 120 шақырымға дейін қысқаратын болады. Осы аралықтағы жолдың 145 шақырымы ағымдағы жылы толық аяқталады деп жоспарлануда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі