ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ИГЕРІЛМЕГЕН 2300 ГЕКТАРДАН АСТАМ ЖЕР КЕРІ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Түркістан облысы Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы бағытындағы игерілмеген 2300,2 гектар жер мемлекеттің жер қорына қайтарылды. Бұл шаруалар 2 жыл жыл ішінде жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесінде іске асырылып отыр.

 

Қазіргі таңда аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков тиісті сала мамандарына түгендеу жұмыстарын әлі де ширата түсу керектігін тапсырды. Аудан басшысының тапсырмасына сәйкес, Төрткүл ауыл округінен мемлекеттің мұқтажы үшін Батыс Европа-Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізіне алынған жер учаскелеріне «КазАвтоЖол» АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалы тарапынан мемлекеттік сәйкестендіру актілері алынып рәсімделді. Ал, автомагистральдің қорғау аймағына енбеген жер учаскелерін ауданға қайтару жұмыстары жүргізілді.
Бүгінде жалпы көлемі 131,4 гектар болатын 11 жер учаскесінің игерілмегені анықталған. Жер пайдаланушыларына тиісті нұсқамалар таратылып, жер учаскелерін 2 жыл қатарынан игермеген жағдайда, сот тәртібімен аудандық жер қорына қайтарылатыны ескертілді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі