ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ:  ҰЛЫҚТАНДЫРУ МЕН АБАТТАНДЫРУ

Түркістан қаласын облыс орталығы дәрежесінен бүкілтүркілік рухани астана мәртебесіне жеткізу аса маңызды

 

2021 жылы наурызда Түркістан қаласында болатын Түркі елдері басшыларының бас қосуына қатысты бейресми ҰСЫНЫС

 

  1. Түркістанәлемдік адамзат өркениеті мен мәдениетінің бір ошағы

Ортаазиялық ғылым мен мәдениеттің түркітекті өкілдеріне арналған АЛЛЕЯсының орнына қазық қағу, мына даналар мүсінін орнату:

  • Ежелгі дәуір:Анахарсис, Тоқсары, Қорқыт, Заратуштра…
  • Орта ғасыр: Әл-Фараби, Ибн-Сина, Әл-Хорезми, Жүсіп Баласағұн, Мұхамедқайдар Дулати…
  • Алтын орда, Османлы дәуірі: Қадырғали Жалайри…

 

  1. Түркістанда жалпытүркілік өркениет Мұражайын салу
  • Ежелгі Ботай мәдениеті
  • Ежелгі Андронов мәдениеті
  • Ежелгі Бегазы-Дәндібай мәдениеті

 

  1. Наурыз алаңын салу:
  • Алаңға кіретін қақпа екі алып ҮЗЕҢГІнің кейпінде болуы керек – бұл өз алдына монумент, Ұлы Даланың Күн шуағын қарсы алатын көкірегі іспетті шығысқа қаратылады әрі далалық өркениеттің басты тиегі;
  • Биіктігі 30 метр (Қазақстан егемендігінің 30 жылдығының белгісі) Жолтерек жасау:

ежелгі түркілік таным — Көк пен Жердің арасын қосатын рухани-энергетикалық жол/йол;

мифологияда – бәйтерек,

археологияда – шоқтерек,

фольклорда – бойымен адам жаны жүретін, адам тілегі Көкке жететін ғажайып Дарақ/мықан ағашы;

архитектурада – орда үйдің шаңырағы мен бақаны, уығы мен керегесі – ғаламдық өмір моделі;

ЖОЛТЕРЕК конструкциясына негіз 30 метрлік бақан мен шаңырақ, шаңырақтан төгіле тараған өрнекті бау. Бұл жыл сайын болатын Наурыз секілді мерекелердегі басты тұрақты атрибут болып қала бермек.Етегінде айналмалы дөңгелек сахна – Жердің нышаны. Шаңырақ – Көктің нышаны, бақан — арадағы қасиетті жол.

 

  • «Алтыбақан» конструкциясы

Алтыбақан – қазіргі этнографияда мойындалғандай ұлттық ойын емес, ойын ережесі жоқ; бұл ежелгі Күн мен Түннің үйлесімін/гормониясын атқаратын жоралғының/ритуалдың сайманы болған. Жігіт – Күнді, қыз – Түннің/айды паш етушілер.Түні бойы таң атқанша тербеледі!

Алтыбақанды Наурыз мерекесінен басқа кездері махаббат мұнарасы ретінде сіңіруге әбден болады.

 

  • Жыл он екі ай – конструкциясы: түркілік уақыт өлшемінің эталоны болып есептелетін мүшелдік он екі айуанға қатысты таңғажайып ескерткіш.
  • Тасқа қашалған 4000-5000 жылдық тарихы бар Тәңір-Іңір петроглифінің алып көшірмесі – Наурыз мейрамының төлқұжаты

 

  1. Түркістан қаласы – бүкілтүркілік Атамекеннің қара шаңырағы
  • Бұл тұжырым бойынша Түркістан қаласында 40-қа жуық түркі халықтарының атаулары берілген микроаудан, алаң, саябақ, аллея, сарайлар тұрғызу. Бұл жобаны қаланың бас жоспарына кіргізу.

 

  • Бұл ұсыныстың ішінде биылғы Наурыз айының қарсаңында болашақ алаңдар мен мұражай, аллеялардың орнына ырым ретінде түркі басшыларына қазық қақтыру рәсімін хаттамаға кіргізуге болады. Сонымен бірге 1 ай ішінде Таңбалытастағы Тәңір-Іңір петроглифінің көшірмесін жасап үлгеріп орнатып, түркі елбасшыларына аштыруға болады. Бұның қашама суретін гранитке, ал арты мен қапталын маңғыстаулық ұлутаспен көмкеруге болады.

 

Аталмыш орнатпа Уақыттың тұтқасы Ұлы далада болғанын паш етпек!

Шамамен алған бұл монумент 7 метрлік бетон тұғырға (астынан адамдар өтетін АРКА ретінде де көтеруге болады) орналасқан бетінің ауданы шамамен 9Х21 шаршы метр болады.

 

Құрметпен:  Серік Ерғали, «Елсана Аманат» қорының президенті