ТҮРКІСТАН: «ҚАМҚОРЛЫҚ» ЖОБАСЫ САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің бастамасымен өңірдің ауыл-аудандарында аймақтық «Қамқорлық» бағдарламасы іске аса бастағаны белгілі. Облыста бастау алған қайырымдылық іс-шарасына сайрамдық еріктілер де белсене атсалысуда.
 
Сайрам ауданына қарасты Ақсукент елді мекеніндегі М.Горький мектебінде аудан әкімі Ұласбек Сәдібековтің тапсырмасымен қайырымдылық шаралары жалғасын тапты. Онда сауап іздеген жандар Сайрам ауданы бойынша 52 отбасыны, яғни 110 баланы қажетті киім-кешек заттарымен қамтамасыз етіп, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады.
Аталған акцияға Шымкент қаласы мəслихатының депутаты Хусанхан Ахматхановтың ұйытқы болуымен, Кувейт қаласының дүниежүзілік ислам қайырымдылық қорының басшылары Альван Ясер Мохамед Али мен Бадр Саъуд Аль-Сумайт мырзалар демеушілік жасаған.
Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі