ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА  ЖАҢА КӨПІРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы Келес өзенінде жаңа көпірдің құрылысы жүргізілуде. Жарты төбе мен Құркелес ауылдық округтерінің аумағынан өтетін өзен ауыл тұрғындарының ара қатынасы үшін аса маңызды саналады. Нысанның құрылыс жұмыстары жергілікті басшылықтың қатаң бақылауында.

 

 

Қазіргі таңда мердігер мекеме «Корпорация Береке-А» ЖШС-гі тарапынан ұзындығы 60, ені 10 метр болатын жаңа көпірдің және көпірге дейінгі Еңкес елді мекеніндегі С.Мұсаұлы көшесінің 0,42 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа көпір ағымдағы жылдың қазан айының аяғында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Тиісті басқармалар мен аудан басшылығы халық игілігі үшін салынып отырған көпірдің құрылыс сапасын қадағалауда. Мердігер компанияға құрылыс материалдарының сапасын назарда ұстап, нысанды белгілеген  мерзімнен кешіктірмей өткізу тапсырылған.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі