ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА АУДАНДЫҚ АУРУХАНА ҒИМАРАТЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Түлкібас аудандық ауруханасы күрделі жөндеуден өтті. Ғимараттардың ішкі және сырты әрлеу жұмыстарымен қатар есік, терезелері ауысып, жылу жүйесі толығымен жаңартылуда. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына ыңғайлы болу үшін барлық жағдайлар жасалынды. Мұнан бөлек орталық аурухананың неврология, перзентхана және генекология бөлімдерінің ғимаратын жыл соңына дейін толығымен күрделі жөндеуден өткізіп, ел игілігіне пайдалануға беру көзделген. Аурухана 270 төсек орынмен қамтылып, үлкен көлемдегі келушілерді қабылдауға дайын.

 

 

Орталық аурухананың басты түйіткілді мәселесі ауыз су құбырларының ескіру де назардан тыс қалмады. Мәселені шешу мақсатында аурухана аумағындағы барлық ескірген құбырлар жаңартылып, ауыз су жаңа жүйеге қосылып отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі