ТҮРКІСТАНДА «MEGACITY» ОЙЫН-САУЫҚ КЕШЕНІ АШЫЛАДЫ
ТҮРКІСТАНДА «ГРАНД МИКС» ЖИҺАЗ ФАБРИКАСЫ 170 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ӨНДІРУДЕ
ТҮРКІСТАНДА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыс орталығында бірқатар нысандарды аралады. Аймақ басшысы әуелі «Түркістан индустриалды аймағында» орналасқан «Гранд микс» Жиһаз фабрикасына барды. Күллі Қазақстанды жиһазбен қамтамасыз етіп отырған жобаның жалпы құны — 364 млн. теңге. Бүгінде өндіріс орнында 120 адам жұмыспен қамтылып отыр. Жалпы аумағы 1,8 гектарды құрайды. Аталған жоба жылына 150-170 млн. теңгенің дайын өнімін өндіреді. Қазір фабрика жиһаздың 40-қа жуық түрін дайындауда. Негізі шикізат Ресейден алынады. Жобаның жұмыс барысымен танысқан облыс әкімі әлі де өнім көлемін арттыруды тапсырды.

Одан кейін облыс әкімі жалпы аумағы 15 мың шаршы метрлік «Megacity» ойын-сауық кешенінің құрылысымен танысты. Нысанның жалпы құны 2 млрд. теңгені құрайды. Мұнда алдағы уақытта 200 адам жұмыспен қамтылып, тәулігіне 800 адамға қызмет көрсететін болады. 5 қабатты кешеннің әрбір қабатында түрлі бөлімдер орналаспақ. Кешеннің атқарушы директоры Азамат Мамеджановтың айтуынша, кешенде алып супермаркеттер, киім дүкендері, ойын-сауық алаңдары мен кинотеатр орналаспақ. Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарына тамаша тарту ретінде нысан ағымдағы жылдың желтоқсан айында есігін ашатын болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі