ТҮРКІСТАНДЫ КӨГАЛДАНДЫРУ ҮШІН БИЫЛ ҚАЛАДА 5 КАНАЛ ЖҮРГІЗІЛЕДІ  

Түркістан облысының  әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Мәжілістің күн тәртібінде Түркістан қаласын дамыту және Түркістан облысындағы шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері қаралды.

Жиында алғаш болып сөз ал  ған Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев қаланың құрылысы және облыс орталығын сумен қамтасыз ету мен көгалдандыру жұмыстарымен таныстырды. 

«Қарашық өзенінен бастау алатын Қотырбұлақ каналынан арықтар тартылса, Кентау тас жолы бойында егілген ағаштар мен Парасат паркі сумен қамтылады. Қала ішіндегі ирригациялық арықшалар бойынша суландыруда қала бойынша 17 көшеде жалпы ұзындығы 70,2 шақырым құрайтын ирригациялық арықшалар бар. Бұл арықшалар 2016-2018 жылдары толық қайта қалпына келтірілді»,  деді Әліпбек Өсербайұлы.

Түркістан қаласы әкімінің баяндамасын тыңдаған облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев биыл Түркістан қаласының ішінде 5 канал жүргізіп, суландыру жүйесін барынша күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, шаһарда ұңғыма санын көбейтіп, гүл мен шалғынға қажетті су мөлшерін барынша молайту қажеттігін нықтап айтты.

Бұдан өзге, жиында облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқарамасы басшысы міндетін атқарушы Қанат Парманқұлов өңірдегі шағын және орта бизнес саласы жайлы сөз етті.

«2019 жылы Түркістан облысында бизнес ортаның және кәсіпкерлікті дамытудың жоспарлы көрсеткіші жалпы өңірлік өнімдегі (ЖӨӨ) жалпы қосылған құн 23,2%-ды құрады. Жалпы алғанда, облыста 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 130 804 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді, бұл салада Түркістан облысы республика бойынша екінші орында», – деді  Қанат Шонбасов.

Басқарма басшысының баяндамасын тыңдаған облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы кәсіпкерлер санын көбейту арқылы облыс бюджетіне түсетін салық мөлшерін молайтып, жаңа жұмыс орындарын ашып, елдің әлеуетін көтеру қажеттігін айтты.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі