ТҮРКІСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ БЕДЕЛІН ҚАЙТА КӨТЕРУ – БҮКІЛ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ҮШІН ҮЛКЕН ЖЕТІСТІК БОЛАДЫ

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жоба – рухани жаңғыру бағдарламасына орай  қолға алынатын елеулі жобалардың бірі болмақ.

Бұл жоба бойынша 2019 жылы Астанада Түркологтардың дүниежүзілік конгресін ұйымдастыру, әлем елдерінің музейлеріне ежелгі түрік жәдігерлерін қойып, халыққа кеңінен таныстыру, Түркі халықтарының мәдени күндерін ұйымдастыру, түркі халықтарына ортақ рухани қазына – онлайн кітапхана ашу секілді ауқымды істер қолға алынса, түркі өркениеті қайта жанданатын болады.

Сондай-ақ, көне қала – Түркістанның облыс орталығы болуымен қатар, оның ежелгі беделін қайта көтеру, қаланы рухани һәм экономикалық тұрғыдан дамыту – бүкіл түркі әлемі үшін үлкен жетістік болады деп сенемін!

 

Қасымхан Бегманов, ақын,

этнограф, «Дәстүр» журналының бас редакторы.