«Тұзақшының» өзі тұзаққа түсті

Жеңіл жолмен ақша табуды көздейтін «ақылды» адамдар қай заманда да өмір сүрген болса керек. Көшпенді тірлік кешкен қазақтарда, тұз тағыларының шабуылдарынан гөрі барымташылардың ұрлығы деген бітпес дау болған. Жасыратыны жоқ, мал ұрлығы деген жаман әдет күні бүгінге дейін тиылмай келе жатыр. заман өткен сайын ұрлықтың да түр түрі шығатын болды. Соның ішінде «заманына қарай амал» дегеннің керін келтірген интернет алаяқтығы деген жаңа түр пайда болды. Одан гөрі тарихы сәл ұзақтау- қаржы пирамидасы дейтін алдамкөстікпен ақша табуды мақсат ететін қаржы алаяқтығы тағы бар. Бұл екеуі де қазіргі таңда қоғамның дерті ретінде, дендеп бара жатқандай… Дегенмен құзырлы мекемелер халыққа қажетті ақпараттарын үзбей жолдап, сақтық дабылын қағып, алдамкөстердің арбауына тсүпеуге барынша үндеп жатыр. Әрине, жіті көз сақшыларымыз бен өзге де қырағы азаматтардың арқасында талай істің беті ашылып, зардап шегушілердің құқы қорғалып жатқан жайы бар. Төмендегі шағын ақпаратта сондай бір келеңсіз істі тілге тиек етуді жөн көрдік.

Елордалық полицейлер әлеуметтік желіде адамдарды алдап соққан азаматты анықтады. Бұл туралы Астана қаласы Полиция департаментінің «police_astana» Instagram   парақшасында хабарланды. Астана қаласы «Алматы» аудандық ПБ-ның қызметкерлері «HiTech» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 25-ке жуық азаматты ғаламтор желісінде алдап кеткен 22 жастағы елорда тұрғынын анықтады.

«Жас жігіт «Instagram» әлеуметтік желісінде қазақстандықтардың қайталанатын аккаунттарын ашып, содан кейін зардап шеккендердің достарына ақша сұраған. Атап айтқанда Шымкент қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, 30 мың теңгені өзінің танысы деген азаматқа аударғанын айтқан. Белгілі болғандай, қаскүнем жәбірленушіге жалған аккаунттан жазып, ақшаны өсіммен қайтарып беруге уәде беріп, соманы оның есепшотына аударуды сұраған. Осылайша ол азаматтардың әрқайсысынан 10-30 мың теңге көлемінде ақшаларын иемденіп, алдап кеткен.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жігіт кінәсін мойындады. Оның Астанада осыған ұқсас алаяқтық фактілеріне қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, бейтаныс адамдарға ақша аудармауға немесе күмәнді ұсыныстарға сенбеуге кеңес береді»-деп хабарлады аталған мекеме. Осылайша адамдардың сеніміне кіріп алып, қалталарын қағып алмаөшы болған «тұзақшының» өзі тұзаққа ілікті.

Қазіргі таңда Астанадағы адамдар көп жиналатын орталықтардағы хабарландыру құрылғылары арқылы қалалық Полиция департаменті адамдарға үндеу жолдап, интернеттег іалаяқтардан сақ болуға шақырып жатыр. Сондай күдікті жағдайға тап болғанда, жеке бас мәліметтері мен қаржы саласына қатысты ақпараттрады айтпауға, түрлі сылтаулар мен банк құпияларына қол сұғуға жол бермеуге шақырып жатыр. «Күш бірлікте» дейді халқымыз. Біз барлыығмыз құзырлы мекеме қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қолдау көрсетіп, қырағылықты арттырып, бір жағадан бас, бір жеңне қол шығаратын болсақ, жеңіл жолмен пайдаға кенелуді мақсат еткен залымдардың әрекеттеріне лайықты тосқаулы боларымыз сөзсіз.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ